Қаладағы жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, оларға барлығына жедел жәрдем шақыртылған, бес бала ауруханаға жатқызылды, біреуі үйіне жеткізілді. Жедел жәрдем бригадалары келгенде екі қыз ес-түссіз болды.
«Құрметті ата-аналар, еске алыңыздар: мұзды сырғанақтар тек ойын-сауық пен қуаныш емес, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда жоғары қауіп объектісі. Кәмелетке толмағандарды сырғанау кезінде қараусыз қалдырмаңыз. Сіздің балаңыздың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті бірінші кезекте сіз арқалайсыз!» – деді дәрігерлер қала тұрғындарына.