Маршрутты патрульдеу кезінде гвардеец күдікті мінез-құлықты байқап қалды. Заң бұзушы, гвардеецтің жақындап келе жатқанын сезіп, пышағынан құтылуға тырысып, оны бұталарға лақтырып жіберді. Дегенмен, заттарды іздеуге үйретілген қызметтік ит тез арада қарудың орналасқан жерін анықтады. Күдікті ұсталғаннан кейін, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне одан әрі тергеу үшін тапсырылды.
Бұл жағдай қызметтік иттердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау бойынша тиімділігін тағы да дәлелдеді. Гвардеецтің жедел әрекеттері мен төрт аяқты сенімді серігі арқасында суық қаруды қолданумен байланысты ықтимал салдардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Пресс-қызметі РгК «Батыс» НГ РК