Қызметтен мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген форманың барлық міндетті өрістерін толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты растауы қажет.
Қызметті алу үшін пайдаланушы мыналарды орындауы тиіс:
- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» - «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» - «Газ тарату желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру» бөліміне өту;
- объектінің түрін көрсету және қосылуға мүлікті таңдау;
- объектінің техникалық паспортын тіркеу;
- техникалық шарттың түрін, газбен жабдықтау жүйелеріне қосылу себебін және газ шығынын көрсету;
- газ жабдығының түрін таңдап, санын көрсету және «Жалғастыру» батырмасын басу;
- Face ID/Touch ID арқылы өтінішті қол қою.
Өтініш дұрыс толтырылған жағдайда, қызметтің нәтижесі газ тарату ұйымы - «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан техникалық шарттардың берілуі немесе негізделген бас тарту болып табылады.
Табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, техникалық шарттарды беруден бас тарту мынадай жағдайларда мүмкін:
- «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның қажетті реттелетін қызмет көлемін көрсету үшін қажет бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, өткізу қабілеттерінің болмауы;
- «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның желілерінің немесе реттелетін қызметті көрсету үшін қажетті басқа мүліктің болмауы.
Қызмет көрсету мерзімдері объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін — 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін — 10 жұмыс күні.
Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Энергетика министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ-мен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.