"Ең тиімді нұсқа – интернетті төмен орбиталық спутниктер арқылы қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта OneWeb компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Қаңтарда КТЖ-мен бірге пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жобаның нәтижелері бойынша бізге ұсынылатын сапа мен тарифтердің қаншалықты қолайлы екендігіне шешім қабылданады. Содан кейін, әрі қарай кеңейту туралы шешім қабылданатын болады", – деп сендірді Ростислав Коняшкин.