«Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында Антикоррупциялық қызмет НПП «Атамекен» ұйымымен бірге биылғы 11 ай ішінде 25 мың кәсіпкердің құқықтарын қорғады (жоба басталғаннан бері 47 мың, 2022-2024 жж.).
Соңғы екі жылда (2023-2024 жж.) Антикоррупциялық қызмет заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру бойынша 7 қылмыстық іс (ҚК 365-бабы) және бизнеске араласу бойынша 53 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді (ӘҚБтК 173-бабы).
Негізінен, бизнес мемлекеттік органдардың тауарларды жеткізушілерден төлем алмау, салық органдарының шоттарға заңсыз шектеулер қоюы, жер, рұқсат құжаттары мен субсидияларды беру бойынша жергілікті атқарушы органдардың негізсіз бас тартуы жайлы шағымданады.
Анализ көрсеткендей, бұл мәселелер бизнес-процестердің автоматтандырылуының жеткіліксіздігінен туындаған. Сондықтан кездесуде уәкілетті мемлекеттік органдардың анықталған коррупциялық тәуекелдерді жою бойынша қабылдаған шаралары талқыланды.
Бизнес қауымдастығына «BGOV» бизнес қолдау бірегей порталы, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геопорталы, субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі, eQurylys.kz ақпараттық жүйесі, «Бір терезе сатып алу» және тағы басқа мүмкіндіктер ұсынылды.
Сонымен қатар, IT-компаниялар бизнесті жүргізуді жеңілдететін өз әзірлемелерін таныстырды.
Талқылау барысында кәсіпкерлер кейбір ақпараттық жүйелердің функционалындағы кемшіліктерге қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.
Жалпы, іс-шара бизнес, мемлекет және IT-сектор арасында диалог орнатуға ықпал етті.
Кездесудің нәтижесінде аталған салалардағы коррупциялық тәуекелдерді жою бойынша Жол картасын әзірлеу жоспарлануда.