Алматыдағы бір көңіл көтеру орнының жанындағы түнгі оқиғаның видеосы Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланды.
"22 желтоқсанда сағат 04:34 шамасында BarLand маңында атыс болуы мүмкін деген ақпарат бар, мәліметтер нақтыланып жатыр", - делінген видео астындағы жазбада.
NUR.KZ тілшісіне Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Медеу аудандық полиция басқармасы хулигандық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады .
"Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Басқа жағдайлар анықталуда", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында атыс болғанын нақтылау туралы ведомство қысқа пікірмен шектелді.
Назар аударыңыз! Видео мазмұнында орынсыз сөздер бар.
Қыркүйек айында Алматыдағы бардың келушілері арасында жанжал шықты. Оқиға куәгерлерінің мәліметі бойынша, атыс болды . Полиция қылмыстық іс қозғады.
Шілде айында қаладағы бір кафеде де атыс болды . Келушілер тобы арасында дау туындап, ауызша түсініспеушілік физикалық қақтығысқа ұласты. Төбелес барысында олардың бірі травматикалық қару қолданды - ол ұсталып, қамауға алынды.
Қазан айында Алматыда ер адамдар арасында шағын төбелеске қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Куәгердің айтуынша, олардың бірінің қолында пышақ болған. Полиция қақтығысқа қатысушыларды ұстағанын хабарлады.