Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жекелей және жұптық санаттағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзгерістер мықты теннисшілер қатарына кірмейтін спортшыларды қамтыды. Қазақстандық теннисшілер арасында 332-орынға көтерілді, ал бұған дейін екі саты төмен орналасқан.
Жібек Құламбаева389-орыннан 385-орынға көтерілді.
Зарина Диясалты орынға жақсарып, 890-орынға көтерілді.
Анна ДанилинаҚұламбаеваның белорусь Юлия Готовко жұптасып, Португалияда өткен ITF W35 турнирін жеңіп алғанын атап өтейік. Финалда олар Полина Яценко (Ресей)/Ханна Вандевинкель (Бельгия) командасын 6:3, 1:6, 10:4 есебімен жеңді. Құламбаева мансабында Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен жекелей (5 жеңіс) және жұптық (32 титул) санаттарында 37 титулды жеңіп алған.