Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабидегі (БАӘ) World Tennis League көрме турнирінде Румынияның бұрынғы бірінші ракеткасы Симона Халепті жекелей жарыста жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Елена жеңіске жету үшін 35 минут уақыт жұмсады. Ойын барысында қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, екі еселік қате жібермеді. Халеп 1 эйс орындап, 1 екі еселік қатені жіберді.
Рыбакина WTA жекелей рейтингінде алтыншы орында, ал Халеп - 877-ші орында.
Басқа матчта Рыбакина франциялық Каролин Гарсиямен бірге итальяндық Жасмин Паолини мен Симона Халепті жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина мен Гарсия "Фэлконс" командасын құрайды, онда Ресейден Андрей Рублев және Канададан Денис Шаповалов та ойнайды.
Сумма в миллиардах, а Рыбакина - первая. Сколько заработали казахстанцы в 2024 году?